Татарстан мүфтияты “Ихлас” мешітімен және Жанармай құю стансаларының бірімен бірлесіп “Жолаушы намазы” жобасын іске асыруды бастап кетті. Жоба аясында Ресейдің федералды трассалары бойына станционарлы намаз оқу бөлмелері орналастырылмақ.
Кеше сондай бөлмелердің бірі Чуваш Республикасының Сине-Кинчеры ауылында М-7 күре жолының 710-шы шақырымында ашылды.
Бөлме сэндвич-панельден тұрғызылған, ішінде дәретханасы мен намазға дәрет алатын жері бар, электрмен және сумен қамтамасыз етілген, едені жылы, онлайн-камералар орнатылған. Ауданы – 15 шаршы метр, бір уақытта едіон адамға дейін намаз оқи алады.