«Мұхаммед» сүресі Мәдина қаласында түскен, 38 аяттан тұрады. Бұл сүре түрлі жағдайларға байланысты үзік-үзік болып түскен әрі ол уақытта әлі Құран толық болып түспеген болатын.  Аталмыш сүренің мазмұнында Құранның 114 сүреден тұратыны және ол 23 жыл ішінде толық түсетіндігін меңзейтін секілді тұстары кездеседі. Ендеше соған зер салып көрелік.

Айталық, осы сүренің 2-ші аяты 81 әріптен тұрады (төменгі суретте көрсетілген).

Ал, бұл сүренің 24-ші аятына зер салар болсақ, ол 33 әріптен құралатынын аңғаруға болады (төменгі суретте көрсетілген).

Демек, біздің алдымызда 81+33=114 саны шығып тұр. Бұл Құрандағы жалпы сүрелер саны. Оның үстіне осы екі аятта да қасиетті Құран туралы айтылған. Берілген аяттың мағынасына үңілер болсақ Алла Тағала бізге:

«Олар Құранға зер салып қарамай ма? Әлде олардың жүректері құлыптаулы ма?», деген яғни, осындай Құранның кереметтілігіне, үйлесімділігіне ой жүгірту керектігін айтып тұрғандай әсер қалдырады.

Баршаға белгілі қасиетті Кітап Алла тарапынан 23 жыл бойы Жәбірейіл періште арқылы ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға толықтай түскен. Осы 23 жылды «Мұхаммед» сүресінен байқауға болады. Мәселен, сүренің 2-ші аятында пайғамбардың «Мұхаммед» деген есімі ескерілген (төменгі суретте көрсетілген).

Бұған қоса аталмыш сүренің 24-ші аятында «әл-Құран» сөзі айтылған (төменгі суретте көрсетілген).

Енді, осы «Мұхаммед» сөзі мен «әл-Құран» сөзі аралығындағы аяттарды санайтын болса тура 23 саны шығады. Бұл кездейсоқтық па? Әрине, анығын Алла Тағала біледі!          

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы