Рамазан айына байланысты облыс, қала, аудан имамдары бас қосып, ұлық айдың жұмыстарын пысықтады.
Бас имам Самат қажы Қанатқалиұлы: Рамазан айының артықшылығы, мұсылман халқының аталған айды тойлауы, ондағы сауаптар мен ерекшеліктері жайында сөз қозғап, Дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының халыққа үндеуі жеткізілді. Сонымен қатар діни басқарма тарапынан келген бұйрық бойынша атқарылатын іс-шараларды таныстырды.
Бас имам Самат қажы Әлібаев өз сөзінде: «Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Қасиетті айда адам баласы жақсылық жасап, ізгі амалдарды атқаруға тырысады. Ораза пендені тақуалыққа тәрбиелейді. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Ораза адамға өзін-өзі тәрбиелеуге берілген мүмкіндігін айтса, Алла қаласа, биыл рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі» – деп атап жеткізді.
Қасиетті айда ауызашарлар таратылып, мешітте рухани іс-шаралар ұйымдастырылады. Біздің мешіттерде Құран хатымдары оқылады. “Мешіттеріміздің есігі ардайым ашық, рухани ахуалдарыңызды көтеріп, Рамазанда игілікке асығыңыз” – деп шақырды бас имам.
Имамдар сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Барлық имамдарға “Рамазанға қатысты 200 сұрақ” кітабын табыстады.
Айта кетейік, биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады. Пітір садақасын онлайн түрде мобильді банк қосымшасында пітір-садақа бөлімі арқылы да аударуға болады.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі