ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

«Сары» аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Айта кетейік, өткен тәулікте еліміз бойынша 967 адам індет жұқтырып, 811 адам емделіп шықты.

Пікір жазу