Ресейдегі «Христиандық тілектестік» қорының директоры Дмитрий Пахомов Мәскеуде және елдің өзге де өңірлерінде мешіттер салу дінаралық қатынастардың жақсаруына септігін тигізеді деп санайды.

Ресей президенті Владимир Путинге жазған ашық хатында ол қазіргі күні жұмыс істеп тұрған мешіттер құлшылық етушілер үшін жетіспейтінін айтты.

Мәскеуде мұсылмандар саны Орта Азиядан келіп жатқан еңбек мигранттары, сондай-ақ, Еділ бойы мен Солтүстік Кавказ республикаларынан шыққан тұрғындар есебінен көбею үстінде.

Дмитрий Пахомов мұсылмандарға қатысты ксенофобтық көзқарас танытатын саясаткерлерді сынға алды. Оның сөзінше, тұрмыстық дискриминацияға тап болған мигранттар қоғамға араласпай, өз орталарында оқшауланып қалады. Ал бұл орталар – экстремистік және террористік бағытты уағыздаушылардың үйір болатын жері екенін жеткізді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  "Қиындықта ел бірге": Маңғыстау мен Аралға 7500 түк жөп жіберілді

Хат соңында ол Мәскеуде және өзге де өңірлерде мешіттер салу – мұсылмандардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ конфессияаралық қатынастарды жақсартуға қадам екенін атап өтті.

Пікір жазу