Сұрақ: Құранды қырағатпен оқи алмайтын адам имам бола ала ма?
Жауап: Имам болу үшін намаз қабыл болатындай Құранды жатқа оқу маңызды. Алайда, Құранды дұрыс оқи алмайтын адамның өзі сияқты басқа адамдарға жасаған имамдығы қабыл болады.
Құран оқи алатын адамның оқи алмайтын адамға ұйығаны дұрыс емес.
Егер Құран оқи алмайтын адам өзі сияқтылар мен Құран оқи алатындарға имам болса, Әбу Ханифаның пікірінше, бәрінің намазы бұзылады. Имам Әбу Жүсіп пен Имам Мұхаммедтің пікірінше, тек Құран оқи алатындардың намазы бұзылады.
Негізінде, хат танымаған адам күндіз-түні еңбектеніп, намазы қабыл болатындай дәрежеде болсын Құран оқып үйренуі тиіс. [Фәтәуаи – Хиндие, 1, 85-86].
Kurandy da kez kelgen adamga okytuga bolmaidy goi