Сұрақ: Құранда қандай айлардың аты аталған?
Жауап: Құран мұсылмандар үшін канондық кітап. Құранда аталған немесе Құран қамтып кеткен дүниелердің маңызы айрықша. Құранда аталған төрт ай құрметті һәм ерекше дүниелердің қатарына жатады:
«Алланың көктер мен жерді жаратқан күні жазған үкімі (орнатқан заңдылығы) бойынша айлардың саны он екі, олардың төртеуі харам айлар. Міне, ең дұрыс үкім, әрі мінсіз жүйе (есеп) – осы. Ендеше бұл айларда (яғни қасиетті айларды құрмет тұтпай немесе орнын ауыстыру арқылы) өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар». (Тәубә сүресі, 36 аят)
Осы төрт харам айларына қатысты пайғамбар: «Жыл он екі айдан тұрады. Бұлардың төртеуі харам айлар. Оның үшеуі бірінен кейін бірі келеді. Бұл айлар Зулқағда, Зулхиджа, мухаррам және төртіншісі – Раджаб (ережеп)» – деп айтқан. (Бұхари, Мүслим).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ