Сұрақ: Құдайдың разылығын қалай алуға болады?
Жауап: Алланың разылығын алу ешқандай қиын нәрсе емес. Бар болғаны ата-бабамыз үйретіп кеткен сөзді айтуды әдетке айналдыру қажет. Себебі қазақ бұл сұрақтың жауабын ертеден білген. Қазақтың жиі қолданатын «шүкір» дейтін жақсы сөзі бар. Үлкендеріміз үнемі екі сөздің бірінде «Құдайға шүкір» деп айтатын. Жағдайын, денсаулығын немесе мал-жанын сұрасаң да, ылғи «Құдайға шүкір» деп жауап беретін еді.
Олар шамасы Құдай Тағаланың: «Сол уақытта Раббыларың: «Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін...» деп жариялады», – деген аятына амал қылған (Ибраһим: 7).
Адам баласы жеген наны мен ішкен суына шүкірлік айтса Ала разы болады екен. Бұған Анастан (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Рас, Алла жеген тамағына шүкірлік айтқан және ішкен суына алғыс айтқан пендесіне риза», – деді» – деген риуаят келтіріледі (Мүслим).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
“Алланың разылығын алу ешқандай қиын нәрсе емес. Бар болғаны ата-бабамыз үйретіп кеткен сөзді айтуды әдетке айналдыру қажет. Себебі қазақ бұл сұрақтың жауабын ертеден білген. Қазақтың жиі қолданатын «шүкір» дейтін жақсы сөзі бар.” –
Дұрысырағы, Рухани кемелденуге шынайы ұмтылуы арқылы ғана адам Құдай разылығына жете алады. Яғни ақыл-ойдан (парасаттан) биігірек қасиетті – даналықты жетілдіруге ұмтылу керек. Адамның бүкіл мына планетадағы, кейін адамзат өмір сүрентін жоғарырақ планеталардағы да түпкі миссиясы осы болып қала береді…
Өсімдіктерде сезім денесі жетілмеген (яғни жоқ ондай нәзік материядан құралған денесі), олардан бір саты эволюциялық жоғарырақ тұрған жануарларда ақыл-ой (парасат) денесі жетілмеген (яғни жоқ ондай нәзік материядан құралған денесі). Адамда даналық денесі жетілмеген (яғни жоқ ондай нәзік материядан құралған денесі).,..
Діндегі құрия ілімдерді, тереңірек рухани ілім – батни ілімге – ұмтылып, оны дұрыс меңгерген адам ғана нағыз Алла арзылығына ие болады…