Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық және ұмра саласында қызмет көрсететін тәжірибелі туроператорлар арасында адал әрі әділ бәсекелестікке қол жеткізу үшін әрі қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатымен «Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлудің ережесі» негізінде 2025 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік операторлар арасында конкурс жариялайды.
КОНКУРС ТАЛАПТАРЫ:
- «Қажылық-2025» маусымына дайындығы және нақты игере алатын қажылық орын саны мен мүмкіндігі туралы ҚМДБ-ға өтініш хат жіберу;
- Туроператорлық қызметті жүзеге асыру бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай берілген тиісті мемлекеттік лицензиясының және ҚР туристік қызметі туралы заңының 27-3-бабының 1-тармағына сәйкес қосымшасының болуы;
- Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің және салықтары төленгенін айғақтайтын құжаттардың болуы;
- Қажылық пен ұмраны ұйымдастыруда тұрақты оң 5 жылдық тәжірибесінің бар екендігін айғақтайтын құжаттардың болуы;
- ҚР заңдарын және САК тарапынан қажылыққа қатысты қойылған талаптарды бұзбауы;
- ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты).
Аталған құжаттар 2024 жылғы 24 қыркүйектен бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 2024 жылғы 9 қазанға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туристік оператордың ұсыныстары қаралмайды.
Туындаған сұрақтар бойынша аталған поштаға және ҚМДБ Қажылық бөліміне (Жәнділлә Бекжігітов 87014770717) хабарласуға болады.
ҚМДБ Қажылық бөлімі