Биыл Шешенстан Республикасынан қажылыққа 1200 адам бара алады. Бұл туралы ел мүфтиі Салах Межиев айтты.
24 мамырда Сауд Арабиясы 1 миллион адам үшін қажылық маусымын ашқан болатын. Ресейге 11 318 квота бөлінді. Оның 1200 орны Шешенстанға беріліп отыр.
Осы жылы үлкен қажылық 7-12 шілде аралығында өтеді.
Айта кетейік, Сауд Арабиясы Қазақстанға 3 мың квота бөлген болатын. 19 млн халқы бар (оның ішінде мұсылмандар 14 млн немесе 72%) Қазақстанға 3 мың, ал 1,5 млн халқы бар (оның 99% мұсылмандар) Шешенстанға 1,2 мың орын берілгені қызық! Салыстырмалы түрде айтқанда, Қазақстанға кемінде 5-6 мың квота берілуі тиіс еді.