Мәшһүр Жүсіп: «Қазақтың тілі – әулие тіл» деген. Жазушы Смағұл Елубайдың айтуынша, біздің дәстүрлі дініміз – фанаттардың діні емес. Бұл далада еркін өскен қазақ деген халықтың ерекше діні. «Біздің асыл дінімізге шоқпар ала жүгіретін болсаң, онда қазақтың 1000 жыл бойы қалыптасқан мәдениетін түгелімен жоққа шығаруың керек. Онсыз біздің поэзия да жоқ, пәленбай ғасыр жырлаған жырауларымыз да, ақындарымызды да жоқ» дейді ол.