Қазақстан Палестина халқына 1 миллион доллар көмек береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Медиацияның (Mediation) рөлін арттыру – өзекті мәселе. Қазір айналамызда күрделі ахуал қалыптасып отыр. Солтүстікте Ресей мен Украина, Таяу Шығыста Израиль мен Палестина арасында қанды қақтығыс болып жатыр. Ауғанстанның жағдайы да тұрақсыз. Батыста заңсыз көші-қон мәселесі ушығып тұр. Бүгінде Газа Секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе, балалар және қарттар жанжал азабын шегуде. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет, – деді ол.
Президент Қазақстан Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдағаныны айтты.