Ұлттың тұтастығын, жердің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырларының тарихымыздағы орны ерек. «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт!» – деп толғаған жыр алыбы Жамбыл да батырлардың тәуелсіздіктің бағасын таразылағандағы ерліктерін жоғары бағалаған. Қазақ даласынан батыр-балуандар неліктен көп шыққан? Бұның сырын біз көнеден жеткен қиссалардың бірінен табамыз.