Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал», – деп бұйырған. Сондықтан, дін дегеніміз діл мен дәстүрдің негізі болып саналады деп айта аламыз. Дін – адамдарды теріс әдеттерден, харамға қол салмауды, өтірік айтпауды, мұсылманшылдық дәстүрге қайшы келетін жаман әдеттерден бойыңды аулақ ұстауға үйретеді. Ол ұлттың дәстүрімен,тарихымен сабақтасқанда адамның адаспауына, болмысынан қол үзіп қалмауға негіз болады.