Сұрақ: Қаза оразаны өтеу үшін қалай ниет етіледі??
Жауап: Пайғамбардың (с.ғ.с.) «Шын мәнінде амалдар иетке байланысты…», деп айтқан мәшһүр хадисі бар (Бұһари, Мүслим). Бұл хадис дін исламда әрбір құлшылықтың сауабы оның ниетіне байланысты екенін көрсетеді. Демек, мұсылман қандай да бір амалды, құлшылықты жасамас бұрын соған ниеті етеді.
Мысалы, намаз оқитын адам намаз оқуға ниет етіп, дәрет алады. Қажылыққа баратын адам сол үшін ниет етіп, қаржы жинайды, қажылық рәсімдерін үйренеді.
Дәл сол сияқты ораза ұстауға ниетті адам, Рамазан айы жақындаған уақытта бір ай бойына ораза ұстауға ниет қылады. Оразаның қазасы бар адам да қаза оразасы үшін жүрегімен ниет етеп, кейін тілімен иқрар (айтады) қылады.
Қаза оразаның ниеті: «Ниет еттім Алла разылығы үшін осы жылғы Рамазан оразасынан қалған (пәленше немесе түгенше) күндік қаза оразаларымның бірінші күнін өтемекке. Халисан лил-ләһи Тағалә (шынайы Алла үшін)».
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ