Қарағанды облысы Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешітінде ерекше рухани кеш ұйымдастырылды.
Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының және жергілікті дін қызметкерлерінің бастамасымен жергілікті жамағаттың ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту және бауырмалдық қатынастарын күшейту мақсатында ақ дастарқан жайылып, сүбелі сұхбат құру игі дәстүрге айналғаны белгілі.
Осы дәстүрдің аясында жүзеге асқан іс-шара барысында бас имам Естай Айтуғанұлы «Дін дегеніміз – насихат» тақырыбы аясында тұщымды уағыз айтып, салихалы ойларымен бөлісті.
Бұдан бөлек, жамағатқа діни тақырыптағы сұрақтар қойылып, нақты әрі толық жауап берген азаматтарға сараптамадан өткен діни әдебиеттер табыс етілді.