Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Қадір түнінің құрметіне 514 сотталғанға рақымшылық жасау туралы шешім қабылдады.
Ол Түрікменстанның қорғаныс министріне, Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің хатшысына, Азаматтық және рақымшылық мәселелері жөніндегі ұсыныстарды дайындау комиссиясының төрағасы Бегенча Гундогдыевке құқық қорғау органдарымен бірге рақымшылыққа ілінгендердің түрмеден босатылып, жуық арада отбасыларымен табысулары үшін жұмыс жүргізуді тапсырды.
Бердімұхамедовтің айтуынша, осындай рақымшылық шараларын жасау арқылы өз қылмыстарын мойындап, тәубесіне келгендердің ел алдында еңбек етіп, тер төгулеріне мүмкіндік берілмек.
Сондай-ақ уәлаяттардың (облыс), атыраптардың (аудан) және қалалардың басшыларына түрмеден шыққан адамдарды жұқмысқа орналастыруға тапсырма берілді.