Сұрақ: Ислам діні келместен бұрын арабтарда «қабір құрбандығы» деген болған дейді. Бұл қайдан шыққан?
Жауап: Ислам діні келместен бұрын арабтарда «қабір құрбандығы» деген әдет болған. Яғни, жахилие дәуірінде арабтарда «Қабір құрбандығы» ретінде қайтыс болған кісінің қабірінің басында қой немесе ешкі шалатын болған екен.
Егер қайтыс болған адам текті және абыройлы болса, олар оның қабірінің басында түйе сойып: «Біз оны осы дүниеде істегендері үшін марапаттаймыз. Ол тірі кезінде қонақтарына түйе сойып беруші еді. Біз оның қабірінің басында түйе соямыз …», – деп айтатын болған екен.
Сол дәуірдегі сенім бойынша өлгеннен кейін қайта тірілгенде, қайтыс болған кезінде тірі кезінде мінген жануарын құрбандыққа шалса, ол пенде қиямет күні соған мініп тірілетініне, әйтпесе оның жаяу қалып кететіне сенетін еді.
Алайда, ислам дінінің келуімен, бұл амалдың дұрыс еместігі белгілі болды және салт-жоралардан алынып тасталды.
Балғабек Мырзаев