Коронавирус инфекциясына қарсы Pfizer вакцинасы орталық қоймадан Алматы емханаларына таратылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, 11 қараша таңғы сағат жетіде вакцинаның алғашқы 46 800 дозасы Алматы қоймасына жеткізілді. Енді алгоритмге сәйкес Алматының барлық емхана ұйымына бөлінеді.
“8 қорапта қапталған вакцина алдық. Вакцинаның тұрақты температурада жеткізілуі бақыланды. Барлық қорап зауыттан вакцина қоймасына дейінгі жол бойында температуралық датчиктермен жабдықталды”, – деді Орталық қалалық клиникалық аурухана директорының инфекциялық бақылау эпидемиологиялық мәселелері жөніндегі орынбасары Эльвира Ибрагимова.
Оның айтуынша, вакциналау бірінші кезеңде медициналық мекемелерде, содан кейін мектептер мен жоғары оқу орындарында өтеді.