Бейсенбі, 30 Маусым, 2022
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пайғамбардың (с.ғ.с.) бабасы – Абдулмуталип

16.06.2022
- Ислам, Таңдаулы
0
157
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әсілі, оның шын есімі «Шайба» еді. Ол Йасрибте (Мәдина) дүниеге келген. Әкесі Хашим, ал анасы Сәлма Мәдинадағы Бану Нәжар тайпасынан болатын. Әкесі Хашим Газада қайтыс болғандықтан, Абдулмуталип сегіз жасына дейін Мәдинада анасымен бірге тұрады. Кейін немере ағасы Муталип Абулмуталипті нағашыларынан алып, Меккеге алып келеді.

Шаһарға аяқ басқан кезде Муталип ерткен баланы көрген Мекке халқы оны құл деп ойлап, «Абдулмутталиб» деп атайды. Сол күннен бастап Шайбаны Мекке халқы Абдулмутталип деп атай бастайды.

Келесі бір дерек бойынша меккеліктер Муталиптан баланың кім екенін сұрағанда, ол алба-жұлба киінген Шайбаны өзінің құлы ретінде таныстырған. Осыған байланысты Шайбаны «Муталиптің құлы» (Абдулмутталиб) деп атағандығы айтылады.

Муталип қартайып қайтыс болғаннан кейін Құрайыш ішіндегі Хашым руының көсемі Абдулмуталип болады. Ол Меккедегі бітеліп қалған зәм-зам құдығын қайта қазып, көзін ашып, Құрайыш ішінде абыройға кенеледі. Әрі Құрайыштың ішіндегі өзге рулардың қарсылығына қарамастан, зәм-зәм құдығын иеленіп, Қағбаға келген зияратшыларды сумен қамтамасыз етеді. Осылайша ол Меккені басқаратын Дарун-Надуаның (ақсақалдар кеңесінің) беделді мүшесіне айналады.

Абдулмуталиптің бес әйелінен 10 бала дүниеге келеді. Балаларының ішінде ортаншы ұлы Абдулллаһты (Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) әкесі) ерекше қатты жақсы көруші еді. Алайда, осы ұлын кезінде Аллаға берген анты үшін құрбандыққа шалмақ болады. Бұл оқиғаның барысы былай өрбіген еді:

Құрайыш ішіндегі талас-тартыста Хашим әулетінен жалғыз тұяқ Абдулмуталип егер кіндігінен он ұл өрбіп, олар өзіне қолғабыс ететіндей қайратты болып өсіп-жетілсе, Аллаға бір перзентін құрбан етіп шалуға ант береді.

Уақыт өте келе Абдулмуталиптің зіңгіттей қайратты он ұлы болады. Ол он ұлымен бірге зәмзәм құдығының көзі ашады. Сол кезде түсінде оған «Аллаға берген сертіңді орында», – деген аян беріледі. Жылдар бұрын Жаратушы Иеге берген уәдесі есіне түсіп, Абдулмуталип сертінен таймай, он ұлының бірін құрбан етіп шалуға бел байлайды. Он ұлына ішек тастап: «Жаратқан Ием! Мен балаларымның бірін саған атадым. Он ұлымның бірін Өзің таңда», – деп дұға жасайды.

Маңғыстау облысы: Таза ауа аясында рухани кеш өтті

Маңғыстау облысы: Таза ауа аясында рухани кеш өтті

30.06.2022

Ханафи мәзhабы – сүннет жолы

30.06.2022

Ішек тасталғанда Алла тағаланың таңдауы Абдулмуталиптің ең сымбатты ұлы – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әкесі Абдуллаһқа түседі. Соқыр жеребенің өзінің ең сүйікті перзентіне түскеніне іші қан жыласа да, Абдулмуталип илаһи пәрменнен бас тарта алмады. Бауыр еті баласын құрбан етіп шалуға Қағбаға алып бара жатқанда, Абдулмуталиптің бұл ісіне меккеліктер азар да безер болып қарсы тұрды.

«Уа Абдулмуталип! Бабамыз Ибраһим пайғамбардан кейін адамды құрбан етіп шалуға тыйым салынған. Мына ісіңді доғармасаң, ертең адамды құрбан шалу әдетке айналады. Егер, біздің айтқанымызға көнбесең, қазыға барайық. Кесімін сол айтсын», – деп Абдулмуталипті елге билік айтқан қазыға ертіп алып барады.

Данагөй қазы меккеліктердің арызын тыңдап, мән-жайға қаныққан соң:

– Бізде кісінің құны он түйе болып есептеледі. Сіздер Абдуллаһ пен он түйеге ішек тастап көріңіздер. Таңдау Абдуллаһқа түссе, тағы он түйе қосып ішек тастаңыздар. Қашан Тәңірдің қалауы түйелерге шыққанға дейін малдың санын он-оннан арттырып отырыңыздар, – деп үкім кеседі.

 Абдулмуталип ішек тастағанда, таңдау Абдуллаһқа түсті. Он түйе қосып, қайтадан ішек тастап көргенде, тағы да таңдау Абдуллаһқа түсті. Осылайша он мәрте ішек тасталып, түйелердің саны жүзге жетті. Он бірінші рет ішек тасталғанда ғана Жасаған Ие жар болып, таңдау Абдуллаһқа емес, түйелерге түсті.

Абдулмуталип өз-өзіне толық сенімді болуы үшін ішекті тағы да үш рет тастап көрді. Үшеуінде де таңдау түйелерге түсіп, меккеліктер қуанғанғаннан «Аллаһу акбар!» деп айқайлап, тәкбір айтты. Сонда барып Абдулмуталип райынан қайтып, бас-аяғы жүз қырық түйені ұлының бодауына беріп, етін жарлы-жақыбайға садақа етіп таратты.

Абдулмуталип мінез-құлқы ибалы, ақкөңіл, руластарына әділ басшы болды. Өмірінің соңына қарай пұттарға табынуды тастап, ішімдік ішуді қойып, зияратшыларды Қағбаны жалаңаш тәуап етуден тыяды. Алланың бар екеніне, ақыретте жаза мен сауаптың болатынына сеніп, ара-тұра Хира үңгіріне барып, құлшылық жасап тұрады. Құранда айтылған «Піл оқиғасында» (әл-Фил 105/1-5 қараңыз) Меккені шабуға келген Әбіраһамен келіссөз жүргізіп, оған Қағбаны Иесі міндетті түрде қорғайтынын айтады.

Абдулмуталип ерте бақилық болған сүйікті ұлы Абдуллаһтың баласы Мұхаммедке (с.ғ.с.) көзі тірісінде ерекше қамқорлық көрсетеді. Өлер шағында немересі Мұхаммедке (с.ғ.с.) баласы Әбу Талибтің қамқорлық жасауын өсиет етеді. Аталған оқиғалар Сира еңбектерінде жан-жақты баяндалады.

Сира еңбектерінде Абдулмуталиптің қартайып 579 жылы сексен жасында қайтыс болғандығы айтылады. Ол «Жәннатул Муададағы» (Хажун зираты) бабасы Құсайдың бейітінің жанына жерленеді. Абдулмуталип жәнтәсілім еткенде Мекке халқы құрметті ақсақалды жоқтап, аза тұтады. Сауда-саттық орындары бірнеше күн бойы жабық тұрып, сауық-сайранға тыйым салынады.

Құрайыш ішіндегі Хашим руы тек Абдулмуталиптен өрбігендіктен, оның өлімінен соң Дарун-Надуада Хашим руының ықпалы төмендейді. Абдулмуталиптің өлімін Умая әулеті өз пайдасына шешіп, Меккеде өз үстемдіктетін жүргізеді. Меккеге Харб б. Умая Дарун-Надуадағы Абдулмуталиптің орнын басады.

Десе де, Қағба зияратшыларына сумен қызмет ету міндеті Абдулмуталиптің ұлы Аббасқа қалдырылады. Ислам ғұламалары фәтрат дәуірінде өмір сүрген Абдулмуталиптің ханиф сенімінде болғанын ескеріп, ақыретте мәңгілік азаптан құтылатын қауымнан болады деп үміттенеді.

Мұхан ИСАХАН

Тегтер: Абдулмуталипбасты тақырыпҚұрайышМеккемұхаммед пайғамбарМұхан Исаханханиф діні
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Думан Сайфулла: «Діни ақпарат сенімді көздерден алынуы қажет»
Видео

Думан Сайфулла: «Діни ақпарат сенімді көздерден алынуы қажет»

29.06.2022
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

28.06.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Президент латын әліпбиіне көшуге байланысты проблемаларды айтты

Президент латын әліпбиіне көшуге байланысты проблемаларды айтты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Зул-хиджа айының артықшылығы

    96 рет бөліскен
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    2389 рет бөліскен
    Бөлісу 956 Твитерге 597
  • Шек беру шариғатта бар ма?

    160 рет бөліскен
    Бөлісу 64 Твитерге 40
  • Төрт мәзһаб – ислам

    1446 рет бөліскен
    Бөлісу 578 Твитерге 362

Соңғы жарияланымдар

Маңғыстау облысы: Таза ауа аясында рухани кеш өтті

30.06.2022
0
Маңғыстау облысы: Таза ауа аясында рухани кеш өтті

Толығырақ оқу

Ханафи мәзhабы – сүннет жолы

30.06.2022
0

Толығырақ оқу

Жастардың домбыраға деген қызығушылығы артып барады

30.06.2022
0

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00