Сұрақ: Пайғамбар қандай сусынды жақсы көрген?
Жауап: Әрбір адамның ұнататын тағамы болғаны сияқты пайғамбардың да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көретін сусыны болған. Ол кісі қасындағы сахабаларына да одан жиі ішіп тұруды насихат қылған. Егер ол кісінің жақсы көретін сусынын білсеңіз, онда сіз де дереу «Мен де оны ұнатамын» деп айтарыңыз сөзсіз.
Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұнатқан сусыны – сүт еді. Ибн Аббас (оған Алла разы болсын): «Алланың елшісі барлық сусындардың ішінде сүтті жақсы көретін» – деп айтқан («Кәнз әл-Умма» кітабынан). Келесі бір риуаятта пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Мен тамақ пен сусынның орнын сүт сияқты басатын нәрсені білмеймін», деп айтқан екен (Мүслім). Сүттің артықшылығына қатысты тағы бір сөзінде: «Ешқандай тамақ немесе сусын сүт сияқты қанағаттандырмайды», деген.
Расында да сүт ұзақ мерзім бойы ағза тіршілігі мен дамуын тұрақтандыру үшін қажетті барлық заттардан тұратын жоғары құнды және натуралды өнім. Сүт массалы және күнделікті тұтынуда ең қажетті азық. Сүттің тағамдық құндылығы ересек адамдар тұрмақ, ең алдымен балаларға түрлі дәрумен беретін мәнімен сипатталады.
Жалғас САНДЫБАЕВ