Сұрақ: Өзіңді тәрбиелеу неден басталады?
Жауап. Жалпы исламда басқа да қоғамдардағы сияқты әрбір азамат өзінің әр ісіне жауапты. Бірақ, мұсылман өзге азаматтарға қарағанда өз амалына, сөйлеген сөзіне жіті назар салуы лазым. Себебі дін ережесіне сәйкес исламда адам баласы өмірде жасаған амалдары үшін бұл дүниемен қатар һәм ақыретте де оның есебін береді.
Бұған қатысты пайғамбардың [с.ғ.с.] «Сендердің әрбірің бақташысыңдар және әрбір адам өз қарамағына жауапты…», – деген әйгілі хадисі да дәлел болмақ.
Бұл хадис адамдармен арадағы қарым-қатынтасты қамтып тұрса, екі иықта отырып, адамның сөзі мен әрекетін амал дәптеріне жазып отыратын Кироман Катибин періштелері тағы бар. Осылай мұсылман адам қайсы жерде және қандай орында болмасын тиісті әдептілік нормаларын орындауға міндеттелмек.
Басқаша айтқанда мұсылман өзін еріксіз тәрбиелеуге мәжбүр. Егер сол әдеп нормаларын тиісті деңгейде орындай білсе, онда ол үшін қосымша сауап алады. Осылай дін мұсылманды өзін-өзі тәрбиелеуге жігерлендіреді.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ