Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нуриддин Холикназаровпен кездесті.
Кездесуде бауырлас елдердің діни саладағы байланысын арттыру, ортақ пәтуалар қабылдау, діни мерекелерді бірге атап өту бойынша келіссөздер жүргізілді. Басқосу барысында тараптар ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нуриддин Холикназаровты жаңа қызметімен тағы құттықтап, ізгі ниетін жеткізді. Өз кезегінде мәртебелі мейман алғашқы іс-сапарын арнайы Қазақстан елінен бастағанын атап өтті.
«Шақыртуымды қабыл алып, конференция жұмысына қатысып, мазмұнды баяндама жасағаныңыз үшін айрықша алғысымды білдіремін. Алла Тағала бауырлас елдердің тәуелсіздігін баянды еткей!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетейік, кеше елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан және Ислам құндылықтары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.