Сұрақ: Өтіріктің қандай түрлері бар?

Жауап: Өтірік сөйлеу – іс жүзінде шынайы нәрсені бұрмалап жеткізу, яғни шындыққа жанаспайтын теріс хабар беру. Мұндай сөздің бірнеше түрі бар: біріншісі, ойдан құрастырып негізі жоқ әңгіме айту; екіншісі, болған оқиғаны қосып артықша көркемдеп жеткізу; үшіншісі, болған оқиғаның мазмұнын өзгертіп, қысқартып айту және төртіншісі, негізгі мәтінді бұрмалап, өзгерту арқылы жасалады.

Ойдан құрастырылған әңгімені исламда «әл-ифтира» немесе «ихтиләқ» деп атайды. Араб тіліндегі «әл-ифтира» сөзінің қазақша мағынасы – жала жабу, ойдан құрастыру; «ихтиләқ» сөзінің мағынасы – қолдан жасау; ойдан шығару.

Егер болған оқиғаны қосып көркемдесе немесе мазмұнын өзгертіп қысқартып айтса, оны исламда «мәйнун» дейді. «Мәйнун» сөзінің мағынасы – өтірік айту.

Сондай-ақ, адамның айтқан өтірік сөзі екі түрге бөлінеді: біріншісі, адам айтқан оқиғаның куәгері ретінде сөйлеуі; екіншісі, айтып отырған оқиғаның куәгері болмауы. Әрине, бұл екеуінің арасындағы ең қауыптісі – адам айтып отырған оқиғаның куәгері бола тұра, шындығында болмаған нәрселерді қосып айтуы.

Ислам жоғарыда айтылған өтіріктің барлық пішініне тыйым салған. Әбу Һурайра (р.а.): «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Расында, пенде бір сөз айтады. Сол сөздің мағынасы оны шығыс пен батыс аралығынан да ұзақ отқа тастайды», – деп айтқанын естідім» деген (Бұһари, Мүслим).

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу