Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Е. Нүкежановтың алғыс хатымен Орталықтың мамандары дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мен интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алу бағыты бойынша «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімінің басшысы, дінтанушы Жалғас Мұхтарұлы және оңалту жұмыстарында жемісті қызмет атқарғаны үшін «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің маманы, исламтанушы Ілияс Саттарұлы марапатталды.
Әріптестерімізге берілген марапатты орталық мамандарының мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асырудағы еңбегінің нәтижелі атқарылғандығы айқын дәлелі деп білеміз.
Алдағы уақыттарда облыс көлемінде аталған жұмыстарды жүйелі әрі тұрақты атқару мақсатында одан әрі күш жігерін жұмсауға сенім білдіреміз.