Бүгін конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының алаңында «Орта Азия елдерінің XXI ғасырдағы мәдениеттер татуластығы» атты онлайн-конференция өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтті.
Пікір алмасуға Орталық Азия елдерінің ғылыми-зерттеу ұйымдары өкілдері қатысты.
Қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық бастамаларын және әлемдік аренадағы дінаралық келісімнің қазақстандық моделін насихаттау, мәдениеттерді жақындастыру бойынша күш-жігерді біріктіру, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің мәдени-гуманитарлық саласындағы аймақтық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.
Шара барысында Орталық серіктестері сөз сөйледі, олардың қатарында БҰҰ Жаһандық коммуникация департаментінің басшысы Властимил Самек, Түрікменстанның Мәдениет министрі орынбасары Нурсахет Ширимов, Ауғанстан қажылық және дін министрінің орынбасары Мұхаммед Осман, Өзбекстан Министрлер Кабинеті жанындағы Ислам өркениеті орталығы директорының орынбасары Фирдавс Халимов, Қырғызстан Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының Директоры Уран Ахметов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров, Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджепов және т.б. бар.