Сұрақ: Имамның айлуынша оқыған намаз, берген садақа ақырет күнінде иесіне пайдасын береді. Сонда менің тұтқан оразам да ақыретте мен үшін пайдалы болмақ па?
Жауап: Негізінде, мұсылманның бұл өмірде жасаған құлшылығы, тұтқан оразасы мен намазы, берген садақасы мен жасаған қажылығы – ақырет үшін. Расында да Қиямет күнінде мұсылманның тұтқан оразасы мен оқыған Құраны шапағатшы болып келеді. Бұл туралы Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Қиямет күні Раббының алдында ораза мен Құран пенде үшін шапағатшы болады. Ораза келіп:
– Раббым! Мен оны күндіз ішуден және жеуден тыйған едім. Енді мен оған шапағатшы болайын, – дейді. Құран келіп:
– Раббым! Мен оны түндерде ұйқысынан айырдым. Сол үшін оған шапағат етейін, – дейді. Алла ол екеуіне шапағат етулеріне рұқсат береді. Олар шапағат қылады», – деп айтқан. (Имам Ахмед).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ