Жексенбі, 12 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өнер – өркениетаралық диалог өлшемі

13.09.2024
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
95
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

12 қыркүйекте Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XXII отырысына орайластырылған «Бейбітшілік жолындағы діндер диалогы қазақстандық суретшілердің көзімен» атты көрме ашылды. Оны Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөнінде Н.Назарбаев орталығы мен Көркемсурет академиясы бірлесіп ұйымдастырды.

Көрмеге Көркемсурет академиясы суретшілерінің 40-тан аса жұмыстары қойылған. Картина, мүсін, гобелен, графика, кесте түріндегі қолөнер туындыларының барлығы еліміздің бай мәдени мұрасын, қоғамдағы дінаралық және ұлтаралық келісім мен достықты паш етеді.

Іс-шараға Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасының м.а. Д.Есенова,  МАМ Дін істері комитеті төрағасының орынбасары А.Хатиев, Көркем академиясының вице-президенті Ж.Ермахан, «FICAC» Дүниежүзілік Құрметті консулдар федерациясының президенті Николаос Маргаропулос, діни бірлестіктер, халықаралық ұйымдардың, ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың, т.б. өкілдері қатысты.

Дін істері комитеті төрағасының орынбасары А.Хатиев мырза бұл көрме түрлі мәдениеттер мен діндер арасында өнер өзара түсіністік пен серіктестіктің көпірі бола алатынының жарқын үлгісі екенін атап өтті. «Біз өнердің діни дәстүрлердің тереңдігін айқындап, түрлі конфессиялар арасындағы түсіністікті нығайтып, қазіргі замандағы дінаралық диалогтың маңыздылығын арттыратынын көріп отырмыз. Қазақстан секілді конконфессиялы әрі көпұлтты елде достық пен ынтымақты арттыруға бағытталған әрбір іс құнды» деді ол.

Алладан кешірім тіле…

10.04.2026
Орта Азия – діни білім ошағы

Орта Азия – діни білім ошағы

10.04.2026

«FICAC» Дүниежүзілік Құрметті консулдар федерациясының президенті Николаос Маргаропулостың айтуынша, бұл іс-шара Қазақ еліндегі өркениетаралық диалог пен бейбіт өмірдің нақты көрінісі. «Біз Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің XXII Хатшылығы отырысының қарсаңында кездесіп отырмыз. Бұл көрмеде көрініс тауып отырған тақырыптар да  съезд миссиясымен үндесіп жатыр. Біздің сенімдеріміз бен салт-дәстүріміз әртүрлі болғанымен, өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа бағытталған ниетіміз бір» деді ол.

«Өнер – адамның әртүрлі мекенде, әртүрлі жағдайда өз ойы мен әсерін бере алатын тұтас ғылым. Бұл көрмеде түрлі стильде, түрлі жанрда салынған, Қазақстанның бай табиғатын бейнелейтін көптеген еңбек қойылған. Біздің бүгінгі қонақтарымыз, оның ішінде құрметті консулдар картиналар арқылы Ұлы даланың әралуандығын көріп, өз мемлекеттерінде Қазақстан туралы баяндап береді деп сенеміз» деп пікірін білдірді Бельгия Корольдігінің Құрметті консулы, Құрметті консулдар басқармасының басшысы Денис Ван ден Вейх.

Көрменің ашылуында Италия консулдығының қызметкерлері Алматы облысының әсем таулары бейнеленген картинаны сатып алды. Іс-шара соңында қатысушылар әлем халықтарының діндері мен мәдениетіне деген құрметті қалыптастыру, конфессияаралық диалогты жалғастыру және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолында тізе қосып еңбек етудің маңызын атап өтті.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: конфессияаралық келісім
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Өзге діндегілермен қатынасымыз қандай болу керек?

19.03.2026
Конфессияаралық келiсiм – қоғам дамуының стратегиясы  
Мемлекет және дін

Қазақстан – дінаралық достықтың мекені

19.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
ҰҚК: Деструктивті діни ағым өкілдері қылмыстық жауапкершілікке тартылды

ҰҚК: Деструктивті діни ағым өкілдері қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    122515 бөлісті
    Бөлісу 49006 Твитерге 30629
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    530 бөлісті
    Бөлісу 212 Твитерге 133
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    453 бөлісті
    Бөлісу 181 Твитерге 113

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Алладан кешірім тіле…

10.04.2026
Орта Азия – діни білім ошағы
Видео

Орта Азия – діни білім ошағы

10.04.2026
Рұқсатсыз қажылыққа барғандарға айыппұл салына бастады
Жаңалықтар

Биыл үлкен қажылық 15 мамырда басталады

10.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00