Жапония жұма күні ел үкіметінің Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарының коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылып, оларды 2032 жылы өткізуге тырысып жатқаны туралы шешім қабылдады деген жаңалықты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін британдық The Times басылымы Жапония үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап, ел үкіметінің Токиодағы Олимпиада ойындарын коронавирусқа байланысты кейінге қалдыру керек деген қорытындыға келгенін хабарлаған болатын.

«Біз бұл жаңалықты толықтай жоққа шығарамыз», – деп мәлімдеді Жапония министрлер кабинеті Бас хатшысының орынбасары Манабу Сакаи кезекті баспасөз мәслихаты кезінде.

Бейсенбіде Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах KYODO NEWS агенттігіне берген онлайн-сұхбатында: «Қазіргі кезде 23 шілде күні Токиодағы Олимпида ойындары ашылмайды деп санауға еш негіз жоқ», – атап өтті.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  100 жаңа есім: өтінімдерді қабылдау басталды

ХОК пен Жапония үкіметінің Олимпиада ойындарын биыл өткізуге ниеттеніп отырғанына қарамастан, вирустың таралуына байланысты елдегі жағдай ушығып жатыр.

Еске сала кетсек, Жапонияда Олимпиада ойындары 2020 жылдың жазында өтуі тиіс болған, алайда коронавирусқа байланысты биылғы жылдың жазына ауыстырылды. Жарыстар 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді деп күтілуде.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/zhaponiya-olimpiadanyn-2032-zhylga-auystyrylatynyn-zhokka-shygardy_a3744092

Пікір жазу