Жексенбі, 29 Қаңтар, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Нәпсіні тізгіндеу кімнің қолынан келеді?

22.01.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
Сурет bugin.kz сайтынан алынды.

Сурет bugin.kz сайтынан алынды.

500
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

23 қаңтар – қасиетті Ережеп айының алғашқы күні.

Ардақты сахаба Әнәс (Алла одан разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Алла Тағала жерді жаратқан кезде жер құрма ағашы секілді оңға-солға сілкініп, теңселе бастады. Сол кезде Алла Тағала жерде таулар жаратып, жердің теңселгенін басты. Періштелер таудың күштілігіне қарап таңғалысып Алладан:

– Уа, Раббымыз! Таудан да күшті бір мақұлық жараттың ба? – деп сұрайды. Алла Тағала да:

– Иә, темірді жараттым, – дейді.

– Темірден күшті не жараттың?

– Отты жараттым.

– Ал оттан күшті не жараттың?

Палудан екінші Құранды өртеді

Палудан екінші Құранды өртеді

29.01.2023

Асырап алған балаларды неліктен кері қайтарып жатады

27.01.2023

– Суды жараттым.

– Судан күшті не жараттың?

– Жел жараттым.

– Желден күшті не жараттың? – дейді періштелер. Сонда Алла Тағала:

– Адамды жараттым, – деді де сөзін жалғап,

– Егер ол адам оң қолымен садақа беріп, берген садақасын сол қолы көрмейтіндей жасырса, онда одан да күшті болмақ, – дейді (Тирмизи).

Мына дөңгеленген дүниеде Ұлы құдіреттің шеберлігімен жасалған өте көп жаратылыстар бар. Сол жаратылыстардан асып түсетін адам баласы екені хадисте меңзеледі. Себебі, өзінің нәпсісін тежеп, оның ырқына бой бермей шайтанмен күресу оңай емес. Адам баласының болмысында сараңдық, тәкаппарлық, менмендік, дүниеге, атаққа, таққа деген махаббат бар. Десе де, соның бәріне қылбұрау салу мықтының мықтысының, күштінің ең күштісінің қолынан ғана келеді екен.

Дінімізде қасиеті мол, пендені жақсылық жасауға ынталандыратын қасиетті айлар бар. Тіпті, әрбірімізде мүмкіндік бар деп айта аламын. Осындай «мүмкіндікке толы мүбәрак айда» қоғам ішінде жақсылықтың жаршысы болып, жүрекке мейірім, құшаққа жылулық сыйлауға болады.

Қарап отырсақ, жақсылық пен мейірімнің мына дүниеде атауы өте көп. Тек жақсы істі, жақсылықты көретіндей даналық жетпей жатады. Бір адамның қарнын тойдырып не киіндіріп, болмаса аз ғана жәрдеміне жарасаңыз, оның өзі жақсылық деп есептеледі.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде-кім ережеп айында біреудің мұқтаждығын өтесе, қиямет күні Алла Тағала оған «Фирдаус» жәннатынан көз жетер жеріне дейінгі арақашықтықта сарай тұрғызады. Қаперде ұстаңыздар, бұл айда Алла Тағаланың сый-құрметіне лайық болуды қаласаңыз, өзгеге сый-құрмет жасаңыздар», – делінген.

Жоғарыдағы хадистің өзінен біраз нәрсені пайымдауға болады. Рахманның рахымына бөленіп, күнәларымыздың кешірілуі бәлкім жақсы іспен жалғасса керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтады: «Алла төрт түнде жақсылықты төгіп шашады. Олар: Құрбан айт түні, Ораза айт түні, Шағбан айының он бесінші Бәрағат түні және Ережеп айының бірінші түні».

Міне, қасиетті үш айлардың басталуымен Ережеп айы да келіп (23 қаңтар – Ережеп айының алғашқы күні) жетті. «Ережеп – пейіштегі суы сүттен ақ, балдан тәтті, сап-салқын дарияның аты. Оның суынан ережеп айында ораза ұстап, жаман істерден арылғандар ғана іше алады» деп  айтылады.

Адам баласы күнәсіз емес. Бос сөзі мен  көп қателігі болуы бек мүмкін. Осы мүбәрак айлар бізге Алла тарапынан берілген үлкен мүмкіндік айы.

Жасаған қателік-күнәларымызға кешірім тілеп, Жаратқаннан үздіксіз жарылқау тілеу арқылы жанымыз бен тәніміз тазарады. Тіпті біз үшін рухани тәрбие айының бастауы деуге болады.

Ережеп сөзі «Бір нәрседен қорқу, ұялу, біреуді ұлылығына орай қастерлеу, тағзым көрсету» деген мағыналарды білдіреді. Ережеп айы харам айы болып саналады, яғни бұл айда Алла Тағаланың тыйым салған харам нәрселерден барынша алыс болуымыз қажет.

Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ережеп айы келген уақытта: «Раббым, ережеп пен шағбан айларын берекелі ете гөр. Бізді рамазанға аман-есен қауыштыра гөр!» – деп дұға тілейтін.

Ережеп айы туралы Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алланың күнәларды кешіретін әрі Алла Тағала үшін сүйікті ай екендігі, бұл айда ұрыс-жанжал, қантөгіс тоқтатылғандығы, осы айда пайғамбарлардың тәубесі қабыл болғандығы жөнінде айтылатын хабарлары бар.

Қазір адам баласын азғыратын, оп-оңай аяғынан шалып адастыратын азғындық атаулы жетіп-артылады. Кейде желіге кіріп, көңілің құлазитын кез болады. Неліктен? Азғындық атаулының шектен шығуынан. Сананы улап, адамдар тек қана жамандықты таратып жатқандай бойыңды ауырлық сезімі басады.

Ал адам баласының өмірінің мәні, қадірі жақсы із қалдырып, өзгелерге пайдалы болуымен арта түспей ме? Сондықтан да біреуге жақсылық жасай алмасаң да, зияныңды тигізбеу де садақа іспетті.

Ал қасиетті айларды негіз етіп, жақсылықтың бағасын арттырсақ нұр үстіне нұр емес пе?! ?!

Ардақты сахаба  Әбу Хурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Құлдың таң аттырған әр күнінде екі періште аспаннан түседі және бұлардан бірі былай дұға жасайды: «Уа, Жаратушымыз! Бергеннің нығметін арттыр». Екіншісі былайша дұға жасайды: «Уа, Жаратушымыз! Сараңды шығынға ұшырат, нығметін азайт».

Қазақ халқында да «Береген қол алаған қолдан қайырлы» деген тәмсіл бар. Ғасыр ауып, уақыт көшсе де ізгілік ешқашан өшпейді!

Алла Тағала бізді Өзі берген дүниесін разылықпен сарп етушілердің қатарынан етсін. Ережеп айында Раббымызға тәубе етіп, кешірім сұрауды, айналамызға жақсылықтың дәнін себуімізді нәсіп етсін. Қоғамда АДАМГЕРШІЛІКТІҢ салтанат құруына өз үлесімізді қосайық. Өмір сүрудің алтын қағидасы, негізгі ережесі ол – адами қалпыңды жоғалтпау.

Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ,
Дінтанушы-сарапшы

Тегтер: Ережепқасиетті айларсауапты амал
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?
Ислам

Ережеп айы және ораза

23.01.2023
Ораза кестесі – 2022
Ислам

Ережеп айы туралы хадистер

23.01.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ораза кестесі – 2022

Ережеп айы туралы хадистер

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

    Ережеп айы және ораза

    1004 рет бөліскен
    Бөлісу 402 Твитерге 251
  • Ережеп айы және Миғраж түні

    587 рет бөліскен
    Бөлісу 235 Твитерге 147
  • Ережеп айы туралы хадистер

    147 рет бөліскен
    Бөлісу 59 Твитерге 37
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    4401 рет бөліскен
    Бөлісу 1760 Твитерге 1100

Соңғы жарияланымдар

Палудан екінші Құранды өртеді

29.01.2023
0
Палудан екінші Құранды өртеді

Толығырақ оқу

Асырап алған балаларды неліктен кері қайтарып жатады

27.01.2023
0

Толығырақ оқу

Қайыршылықтың емі бар ма?

27.01.2023
0
Қайыршылықтың емі бар ма?

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00