Кеше Астана қаласындағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің қызметкері Нуриддин Абдусамадұлы отбасы үшін ерекше қуанышты күн болды. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры жариялаған «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мешіт қызметкеріне баспана беріліп, жас отбасы көптен күткен армандарына қол жеткізді.
Сауапты шараға ұйытқы болған «Idirid Orynbasar» қорының жетекшісі Азамат Орынбасаров Нуриддин Абдусамадұлының жаңа шаңырағына құттықтау айтып, қуанышымен бөлісіп қайтты. Шаһар бас имамы Ерболат Жүсіпов өкілдік атынан баспана кілтін табыстап, ізгі тілегін білдірді.
Айта кетейік, Нуриддин Абдусамадұлы 2001 жылы Түркиядан елге оралған. Жоғары білімді «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам университетінен білім алып, еліміздің әр өңіріндегі мешіттерде қызмет атқарып, көпшілікті иманға баулып келеді.