Ардақты сахаба Әбу Һұрайра (р.а.) былай деп әңгімелейді:
«Қиыншылыққа тап болған бір кісі Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, жәрдем сұрады. Алла Елшісі сахабаларына әлгі кісіге жәрдем етулерін әмір етеді. Сахабалардың бірі:
«Менде мұнша мүлік бар», – деп оған көмек қоын созады. Сол жерде отырған барша жан әлгі кісіге азды-көпті жәрдем етеді. Мұны көрген Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Кімде-кім бір жақсылықты бастаса, өзгелері де оны жалғастырса, ол кісі жасаған жақсылығының сауабын алады. Сонымен қатар ол жақсылықты жалғастырғандардың сауабының мөлшеріндей оған бастаған кісіге де сауап беріледі. Бірақ олардың сауабынан еш нәрсе кемімейді. Ал кімде-кім бір жамандықты бастап, өзге жандар да оны жалғастырса, әлгі кісіге жамандықтың күнәсі толықтай беріледі. Оған қоса бастаған жамандығының соңынан ергендердің күнәсінің мөлшеріндей оған да күнә жазылады. Бірақ олардың күнәларынан еш нәрсе кемімейді», – деді» (Ибн Мәжә, Мұқаддима 14).
Алла Елшісінің осы өсиетіне құлақ асып, дін бауырына жәрдем етуге құлшынған мүминдерді мынадай хабармен сүйіншілейді: «Кімде-кім дін бауырының мұқтаждығын өтесе, Алла Тағала оның мұқтаждығын өтейді. Кімде-кім дін бауырының мұңына, дертіне шара тапса, (оны құтқарса) Алла Тағала оны (сол ізгі ісі арқылы) қиямет қиыншылықтарының бір қиыншылығынан құтқарады» деген екен.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ
kazislam.kz