Сұрақ. Мен студентпін, сабақ бізде офлайн болып жатыр. Маған ораза ұстау парыз ба?
Жауап: Рамазан айында ақыл-есі дұрыс, бәлиғат жасына жеткен әрбір мұсылманға ораза тұту парыз айын (адамның жеке басына міндеттелетін парыз). Басқаша айтқанда ораза ұстау үшін бай, дәулетті немесе кедей, зейнеткер, қызметші яки болмаса жұмыссыз, онлайн, офлайн деген сияқты бөлінбейді.
Оразаның басты шарты, ораза ұстаушының дені сау, хайыз (етеккір) бен нифастан таза және мұқим болуы қажет (яғни, жолаушы болмауы тиіс). Сонымен қатар, ораза ұстау үшін бой дәретті болу шарт емес.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ