Кездесу барысында мемлекеттік тілді нығайту бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
“Президент әртүрлі әлеуметтік топтардың, оның ішінде жастардың арасында тіл тазалығын сақтау үшін оқу және жазу сауаттылығын арттыруға арналған шаралардың қажеттілігіне ерекше тоқталды.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақ тілі” қоғамын мемлекеттік тілді ғылым мен техника тіліне айналдыру бағытында жұмыс жүргізуге шақырды”, – делінген ресми хабарламада.
“Қазақ тілі” қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы президентпен кездесу барысында талқыланған мәселелер туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Жалпы тілдік ахуал, тілдің дамуына қатысты көп мәселелер сөз болды. Президент тіл жанашыры қырынан танылды. Балалардың тілі қазақша шықпай, шықса да дұрыс шықпай жатқандығын, қазаққа тән төл дыбыстау жүйесі, тіл тазалығы бұзылып жатқандығын мысал келтіре отырып алға тартты. Латынға көшерде мұны да ескеру қажеттігін айтып, латынға көшуге қатысты пікірімді сұрады. Кейбір дыбысқа таңба таңдауға қатысты өз ойын айтты”, – делінген жазбада.
Президент әртүрлі әлеуметтік топтардың тіл тазалығын сақтау үшін оқу және жазу сауаттылығын арттыруға арналған шаралардың қажеттілігіне не болмаса ерекше көмек көрсетілді ме? Теплые пожелания Telkom University