Сұрақ: Медреседе оқып жүріп үйленуге бола ма?
Жауап: Шәкірт медреседе дін ғылымдарын (Құран, хадис, ақида, тәпсір, фикһ т.б.) оқиды. Алайда оның дін ғылымдарын оқуы үйленуіне кедергі жасамайды.
Исламда үйлену – сүннет. Дін ешкімге ақ неке жолымен үйленуге тыйым салмайды. Бастысы, ата-ана разы болып, екі жастың бақытты болуы. Бәлкім кейбір ата-ана үйлену жағдайы баланың немесе қыздың оқып білім алуына бөгет жасауы мүмкін деп оқу бітірген соң үйленген дұрыс санайтын болса керек. Бұл жағы діни емес, әлеуметтік, отбасылық мәселе.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ