Сұрақ: Мәуліт күні не істеу керек?
Жауап: Мерекені атап өтудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың ғибратты ғұмырын өскелең ұрпаққа насихаттау, жастарды имандылық пен инабаттылыққа шақыру, мұсылман қауымының арасында мейірім, кешірім, қайырымдылық пен ізгілік жасау сияқты адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
Мәуліт мерекесінде Құран оқылып, пайғамбарға (с.ғ.с.) мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылады. Бұл күні мереке болғандықтан халыққа сусын, тамақ таратып, сыйлықтар берсе де рұқсат.
Мысалы, әдетте ҚМДБ бұл айда жастар мен студенттер арасында Құран жарысын, Ислам тарихына қатысты түрлі сайыстар ұйымдастырады. Сонымен қатар еліміздің түкпір түкпірінде мерекелік қойылымдар өткізіледі. Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар мен қажылық сапарлары сыйға тартылады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ