Сенбі, 13 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәулен ӘШІМБАЕВ: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі – тек діни іс-шара емес

12.09.2022
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, Таңдаулы
0
338
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берді. Сұхбат барысында ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарына және әлеуметтік-саяси реформаларға тоқталды. Сонымен қатар Палата Спикері алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің ерекшеліктерін де атап өтті.

Сенат Төрағасы Жолдауда Әділетті Қазақстан құрудың жолы айқын көрсетілгенін айтты. Мәулен Әшімбаев мұны стратегиялық бағдарламалық құжат ретінде қарастыру керек деп есептейді.

«Жолдауда мемлекеттік саясатты трансформациялаудың нақты қадамдары көрсетілген. Қазақстандық отбасыларға, балаларға Ұлттық қордың ресурстарынан қосымша көмек беріледі. Бұл ұлттық табысты барынша әділ бөлуді көздейді. Сондай-ақ сән-салтанат салығын енгізу туралы ұсыныс та әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге арналған маңызды қадамдардың бірі. Жалпы, Жолдауда соңғы жылдарда қоғамды алаңдатқан көптеген мәселелерге жауап берілген», – деді Мәулен Әшімбаев.

Басылым тілшісінің сауалына жауап берген Мәулен Әшімбаев кезектен тыс президент сайлауы, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына да тоқталып, бұл билікті демонополиясыздандыру үшін жасалып жатқанын айтты. Сенат Төрағасы мұндай маңызды қадам елімізде теңгерімді және бәсекеге қабілетті саяси жүйе құруға бағытталған саяси реформалардың жалғасы екенін де тілге тиек етті.

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Міржақып шығармашылығы талқыланды

Міржақып шығармашылығы талқыланды

11.12.2025

Сонымен қатар Съезд Хатшылығының меңгерушісі алдағы дін лидерлерінің форумына дайындықтың соңғы кезеңдері туралы баяндады. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, шетелден келген делегациялар мен меймандардың көптігіне қарамастан, ұйымдастырушылардың алдында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін кез келген қолайсыздықты барынша азайту міндеті тұр. Сондай-ақ Рим Папасының мессасы үшін Қазақстанға келетін азаматтар мен туристердің іс-шараға еркін қатысуына жағдай жасалуда. Атап айтқанда, логистиканы жеңілдету үшін қатысушыларды Месса өтетін жерге жеткізу үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады, қатысушыларды тіркеудің қолайлы жүйесі құрылды және ол қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр.

Конгресс жұмысына Рим Папасымен қатар ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, синтоизм және басқа да әлемдік діндердің көшбасшылары мен өкілдері қатысады. Съезге мұсылман әлемінің көрнекті рухани көшбасшысы – Әл-Азһардың Жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайеб, Израильдің бас раввиндері және басқа да дін қайраткерлері келеді. Алайда, Съезд Хатшылығының меңгерушісі бұл форумды тек діни іс-шара ретінде қарастырмау керек екенін атап өтті.

«Рухани көшбасшылар халықаралық ұйымдардың өкілдерімен, саясаткерлермен бірлесіп әлемдегі бүгінгі сын-қатерлерге қарсы әрекет ету жолдарын іздейді. Сондықтан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі – елдер мен халықтар арасындағы дінаралық, өркениетаралық диалогты дамыту тәсілдері талқыланатын алаң», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сұхбаттың толық мәтінін ақпарат агенттігінің сайтынан мына сілтеме бойынша https://tengrinews.kz/article/kazahstanu-vizit-papyi-rimskogo-intervyu-maulenom-1832/ оқып, көре аласыздар.

Айта кетейік, 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі өтеді. Биыл форумға әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация қатысады.

Қайнар көзі: parlam.kz
Таңбалар: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезібасты тақырыпдінаралық диалогконфессияаралық келісімМәулен Әшімбаев
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ақтөбе: Имамға автокөлік уақып етілді
Жаңалықтар

Ақтөбе: Имамға автокөлік уақып етілді

09.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Алжир әскери күштері лаңкестердің төрт сыбайласын ұстады

Алжир әскери күштері лаңкестердің төрт сыбайласын ұстады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Қан алдыру туралы

12.12.2025
Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек
Сұхбат

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат
Сұхбат

Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат

12.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00