Еңбекте «Əһли сүннет уəл-жамағат» ғұламаларының бірі, Əбу Ханифаның ізбасары, ақида ілімінің білгірі Имам Матуриди жайлы сөз болады.
Самарқандық жерлесіміз Имам Матуриди өз дəуірінде «Имам ул-һуда» (Тура жолдың имамы), «Имам ул-мутакаллимин» (Ақида ғалымдарының имамы) деген құрметке ие болған. Имам Матуридидің еңбектеріне оқи отырып, оның кəлам, мазһабтар тарихы, фиқһ əдістемесі мен тəпсір саласында өзіндік орны бар ірі ғалым екендігін пайымдауға болады. Кітапта ғалымның өмірі, ілімдегі орны, ақидаға қатысты бірқатар құнды ойтұжырымдары қамтылған. Еңбек барша оқырман қауымға арналған.

Жүктеп алу: Матуриди ақидасы

Пікір жазу