Марокко құрамасының ойыншылары Қатарда өткен әлем чемпионатында 4-орын алғаны үшін берілетін барлық сыйақыларын өз елдеріндегі мұқтаж отбасыларға беретінін мәлімдеді.
Бұған дейін команда ойыншысы Хаким Зиеш өз қаражатын қайырымдылыққа және құрама персоналын қолдауға аударған еді. Енді қасындағы достары да одан үлгі алып, қайырымды іске атсалысатындарын жеткізді.
Айта кетсек, Марокко құрамасы әлем чемпионатына қатысқаны үшін 25 миллион доллар пайда тапты.
Марокко тарихта тұңғыш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан африкалық команда атанған еді.
Отандарына оралған футболшыларды жерлестері батырлар ретінде құрметпен қарсы алды. Ел королі Рабатта құрама ойыншыларымен және олардың аналарымен кездесті.