Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.
«Жаға ұстатар әңгіме естідім.
Коронавирус жұқтырған бір адам 300 адамға той беріпті. Ауырып жүргенін біледі. ПТР тапсырған. Ковид жұқтырғаны расталған. Бірер күн ауруханаға жатып шыққан.
Шақырған қонақтарымен құшақтап амандасып, секіріп билеп, ертесіне ауруханаға қайта түскен.
Бұлай істеу үшін адам қаншалықты арсыз болуы тиіс?!
Енді сол тойға қатысқан адамдар ауруханаға түсіп жатыр.
Бірер күн бұрын болған оқиға.
Тойға шақырту алсаңыз, бармас бұрын он ойланыңыз. Қарт ата-анаңызды, үйдегі шиіттей бала-шағаны, аяғы ауыр әйеліңізді ойлаңыз.
Тойда ауырып жүрген адамдар міндетті түрде болады. Дельта штамм кең тарап кетті.
Ойланыңыз…» деп жазды әкім орынабасары.
Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 7573 адам ігдет жұқтырып, 4681 адам емделіп шықты. Қазақстанның барлық облысы – «қызыл» аймақта.

Пікір жазу