Бейсенбі, 1 Маусым, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Конфессияаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі

21.10.2022
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
235
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Бұл жерде зайырлылық туралы айтатын болсақ, біздің елімізде ешбір дін азаматтар үшін ұстануға міндетті емес екендігін білдіреді. Әркім өз дінін таңдауға құқылы. Дін мемлекеттен бөлінген. Бірақ олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста. Мемлекет діни ұйымдардың істеріне араласпайды, бірақ олардың қызметін бақылайды.

Зайырлы мемлекеттің қысқаша түсініктемесі осындай.

Қазақстан өз ішіндегі діни бірлестіктердің өзіндік құндылықтарын құрметтейді және оларға өз ережелеріне сәйкес әрекет етуге мүмкіндік береді, олардың діни талаптар мен нормаларға сәйкес ұйымдастыру және басқару құқығын растайды.

Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінген қағидатын жоғарыда айтылғандай түсіндіру дегеніміз оларды және және діндарларды қоғамдық өмірден шеттету деген сөз емес. Дін ұстанушы жамағат та Қазақстан Республикасының толыққанды азаматтары, ал діни бірлестіктер мен сол жолдағы адамдардың әлеуметтік пайдалы қызметі айтпаса да түсінікті: олар қайырымдылық, мәдени-ағартушылық, гуманитарлық қызметті жүзеге асырудың маңызды қатысушылары болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекет әлеуметтік мәселелерді шешуге діни бірлестіктерді тартып, бірлесіп жұсмыс істеуге шақырады. Мысалға айтар болсақ, алкоголизм мен нашақорлық, қылмыстың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, отбасы құндылықтарын нығайту, қоғамда жоғары рухани және адамгершілік ахуал құру секілді маңызды істерді дін адамдарының көмегінсіз жүзеге асыру қиын.

Діни бірлестіктер мен мемлекет өз қызметінде, мысалы дін адамдарының құлшылық жасаулары мен мемлекеттің басқару функциясын жүзеге асыруында бір-біріне тәуелсіз және бір-бірінің қызметіне араласпайды. Бірақ сонымен бірге олардың ортақ міндеттері де бар, бұлар аталған екі құрылымдардың ынтымақтастығын қажет етеді.

Қазақстан әлемнің қазіргі заманғы зайырлы мемлекеттерінің қатарына кіреді және біздің елімізде дін саласындағы азаматтарымыздың құқықтары мен құндылықтары толық көлемде қамтамасыз етіледі.

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

31.05.2023
Түрмеден берілген тапсырма

Түрмеден берілген тапсырма

31.05.2023

Көріп отырғанымыздай, зайырлылық дегеніміз – діни саладағы үрдістерді бетімен жіберу деген сөз емес.

Мысалы, мемлекет мемлекеттік және басқа білім беру мекемелеріндегі білімнің зайырлы сипатын қамтамасыз етеді, сәйкесінше білім беру мекемелерінде діннің сыртқы белгілерін қолдануға жол берілмейді.

Әлбетте, біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Бұл біздің дәстүрлі жолымыз. Алайда біз зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек.

Біздің жастарымыз әділдік пен рухани тазалықты ұстанса, сондай-ақ олардың діни бағытын мемлекет бақылайтын болса, бұл өте маңызды әрі дұрыс қадам. Егер әртүрлі діни ағымдарды бақылаудан шығарсақ, бұл елдегі бірлік пен ынтымақтың орнауына кепілдік бола алмасы анық. Сондықтан мемлекеттің міндеті – діни бірлестіктер жұмысын ретке келтіру. Осы мақсатта 2011 жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы ҚР Заңы қабылданып, уақыт өткен сайын жетілдіріліп келеді.

Осылайша, зайырлылық қағидаты Қазақстанға мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар саласында тиімді басқарудың нақты мүмкіндігін береді. Ол дінаралық достық пен келісімге негізделген біздің қоғамымыздың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Руслан ПАРАХАТОВ;

Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

Тегтер: басты тақырыпдінаралық туатулықконфессияаралық келісімТолеранттылық
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Беларусьтан жеткен бір үзім нан
Қоғам

Беларусьтан жеткен бір үзім нан

31.05.2023
Ғарифолла ӘНЕС: Ақталмаған саяси қуғын-сүргін құрбаны болмауы керек!
Сұхбат

Ғарифолла ӘНЕС: Ақталмаған саяси қуғын-сүргін құрбаны болмауы керек!

28.05.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дәстүрлі исламға күйе жағушылар қатары неге көп?

Қазақ "Алла разы болсын" деп айтқан ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    6651 рет бөліскен
    Бөлісу 2660 Твитерге 1663
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4348 рет бөліскен
    Бөлісу 1737 Твитерге 1086
  • Духа намазы қалай оқылады?

    1437 рет бөліскен
    Бөлісу 574 Твитерге 359
  • Сүннет болған намаздардың да қазасы өтеліуі тиіс пе? Ниет қалай етіледі?

    1483 рет бөліскен
    Бөлісу 593 Твитерге 371

Соңғы жарияланымдар

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

31.05.2023
0
АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

Толығырақ оқу

Түрмеден берілген тапсырма

31.05.2023
0
Түрмеден берілген тапсырма

Толығырақ оқу

Зәуреш ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ: Саяси құғын-сүргін құрбандары толық ақталған жоқ

31.05.2023
0
Зәуреш ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ: Саяси құғын-сүргін құрбандары толық ақталған жоқ

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00