22 қыркүйек күні «Жаңаөзен қаласының Қоғамдық даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Отпан» Ақпараттық түсіндіру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен «Киелі мекенге саяхат» шарасы өтті.
Жаңаөзен қаласының тұрғындары мен жастар «Отпан Тау», «Шерқала» және «Ақмыш» сынды киелі, рухани мекендерге арнайы сапар шекті.
Киелі орындардың рухани-мәдени тарихын жастардың бойына сіңіру мақсатында «Жаңаөзен қаласының Қоғамдық даму орталығы» КММ басшысы Амантурлиева Жанар Қаршыбайқызы өзі бастап барды.
Шара барысында сапар Отпан таудың Адай-Ата кесенесінен басталды. Саяхат барысында музей таныстырылды.
Шарада экскурсия жетекшісі саяхатшыларға Адай-Ата рулы елдің тегі. Ұлттық рухымыздың қуаты. Қарашаңырақтың иесі мен киесі. Атажұрт, Атамекен деген киелі ұғымдардың да тектік бейнесі түсіндірді.
Сонымен бірге Көкбөрі – Көк түркілерден қалған рухани қуат-жігеріміз бен ұлттық болмысыздың тамыр-тірегі. Ұран-От – Үш жүздің алақанына салынған қазан бейнесіндегі алау жағатын орын. Ұлтымыздың жасампаздыққа, жақсылыққа, бірлік-берекеге шақыруға және ар-намысымыздың сергектігі мен ішкі тұтаттығымздың күш-қуатын бейнелейді.
Одан кейін саяхатшылар Ақмыш пен Шерқала киелі орындарына сапарлатты.
Шерқала – Бозашыдан Хорезм мен Хиуаға баратын жол бойындағы тау, қамал аты. Арабшадан аударғанда «жолбарыс» деген мағынаны білдіреді.
Төңкерілген кеседей болған таудың жан-жағы биік құз, шығатын жол жоқ.
Таудың солтүстік етегінде әскери бекініс орны бар. Пирамида сияқты таудың солтүстік-шығыс бетінен түбіндегі туннелге жол тартылған.
Тауды үңгіп қазылған туннель жоғарылаған сайын екі тарау болып, тау үстіне шығады. Қамалдың ұзындығы 300 метр.
Ернеуінде сыйымдылығы екі-үш адамдық атқыш-садақшылар үшін орын бар.
Саяхатшылар киелі мекендерден рухани ләззат алып отанға, елге деген патриоттық сезімдері артып, жақсы көңіл күймен тарқасты.