Ислам дінінде Отанды, туған жерді, халықты, мал-мүлікті қорғау қасиетті борыш деп саналады.
Дін және Отан – қасиетті ұғымдар. «Отанды сүю – иманнан», – деген қанатты сөз адам бойында отансүйгіштік сезімдерді оятуға жетелейді.
Хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Біз Ухудты жақсы көреміз, Ухуд та бізді жақсы көреді», – деген. Ислам діні адам баласын туған елдің тауы мен тасына дейін жақсы көруге шақырады.
Мемлекет алдындағы маңызды міндетіміздің бірі – әскери борышымызды өтеу. Ішкі және сыртқы жаулардан Отанымызды әскер қорғайды. Әскерге бару – діни әрі ұлттық борыш.
Тәлімі мол тағы бір хадисте: «Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі Отанды қорғап шекара күзеткен көз», – делінген. Ислам тек құлшылықтар діні ғана емес, ол Отанды қорғап, елді сүюге, адамзатқа адал болуға, айналаға пайда келтіруге тәрбиелейді. Туған жердің тұғырын биік ету – адамдық әрі мұсылмандық борыш.
МЕН КАЗАХСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТШЫСЫМЫН, ОТАН КОРГАУШЫМЫН. ДИНИ ЖАГЫНАН КОП ПАРЫЗЫМДЫ ОРЫНДАЙ АЛМАЙТЫН КЕЗДЕР БАР. ИСЛАМ ДИНИНДЕ БИЗДЕР ТУРАЛЫ НЕ АЙТЫЛГАН КИМ БИЛЕДИ??? ЖАУАБЫН ЖАЗЫП ЖИБЕРСЕНИЗДЕР???