Исламда Отанды қорғау ұғымы бар ма?

    186

    Ислам дінінде Отанды, туған жерді, халықты, мал-мүлікті қорғау қасиетті борыш деп саналады.

    Дін және Отан – қасиетті ұғымдар. «Отанды сүю – иманнан», – деген қанатты сөз адам бойында отансүйгіштік сезімдерді оятуға жетелейді.

    Хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Біз Ухудты жақсы көреміз, Ухуд та бізді жақсы көреді», – деген. Ислам діні адам баласын туған елдің тауы мен тасына дейін жақсы көруге шақырады.

    Мемлекет алдындағы маңызды міндетіміздің бірі – әскери борышымызды өтеу. Ішкі және сыртқы жаулардан Отанымызды әскер қорғайды. Әскерге бару – діни әрі ұлттық борыш.

    Тәлімі мол тағы бір хадисте: «Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі Отанды қорғап шекара күзеткен көз», – делінген. Ислам тек құлшылықтар діні ғана емес, ол Отанды қорғап, елді сүюге, адамзатқа адал болуға, айналаға пайда келтіруге тәрбиелейді. Туған жердің тұғырын биік ету – адамдық әрі мұсылмандық борыш.

    Пікір жазу