Сұрақ: Ислам зайырлы (дүниелік) ғылым мен білімді қолдай ма?
Жауап: Білім беру үрдісінің өрістеп дамуына ресми дүниетаным сипатын қабылдаған исламның зайырлы білімді теріске шығармауы зор ықпал етті. Ислам мәдениетінің өркендеу ғасырына түрлі ғылымдар еркін зерттеліп, тыйым салынбады. Энциклопедизм – сол дәуірдің тек білім беру үрдісіне ғана емес, ғылыми танымға да тән болды. Ғалымдар мен ойшылдар білімнің әр түрлі салаларына: саясат пен құқыққа, этика мен экономикаға, теология мен философияға, әдебиет пен поэзияға, музыка мен жаратылыстану ғылымдарына, тарих пен техникаға, география мен космогонияға, алхимияға, геометрияға, алгебраға, лингвистикаға, медицинаға және т.б. назар аударды. Өнердің дамуы да (архитектура, қол өнері, шешендік өнері, каллиграфия, сызу т.б.) ғалымдардың ізденістерінен тыс қалмады. Керек болса, Еуропа мен Қиыр шығыс қараңғылықтағы кезде ислам әлемінде жоғарыда аталған ғылым салаларының қаншалықты дамығаны бізге әлем тарихынан белгілі.
Бір ғана мысал айта кетейін XII-XIII араб-мұсылман математиктерінің, дәрігерлерінің шығармалары ортағасыр бүгінгі зайырлы Еуропа ғылымының негізі болды. Тіпті, Ибн Синаның «Әш-Шифа» (Исцеление) кітабы XIX ғысырға дейін Еуропаның бірқатар медицина факультеттерінде негізгі кітап ретінде оқытылып, бүгінде ғана қосымша әдебиет қатарына қосылғаны мәлім.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ