Сұрақ: Ислам қасиетті орындарға қалай қарайды?
Жауап: Жалпы діннің мағынасы сенім жолы дегенді білдіреді. Әрбір діннің өзіне тән қасиетті ұғымдары, символдары немесе киелі жәдігерлері бар. Исламда да осындай Құран, Қағба (Байтулла), қара тас (хажар әл-әсуад) сияқты т.б. қасиетті дүниелер бар.
Мысалы: «Кебісіңді шеш. Өйткені, сен қасиетті Туа ойпатындасың», – деген аят Исламда қасиетті орындарға құрмет көрсетілуі тиіс екенін айқындайды (Таһа: 20).
Сол сияқты исламдағы күндердің сұлтаны – жұма, айлардың сұлтаны – Рамазан, түндердің сұлтаны – Қадір түні сияқты т.б. ұғымдар исламның қасиетті орындар мен ұғымдарға ұқыптылықпен қарайтынын көрсетпек.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ