Ислам дінінің көркемдігі неде? Оның басты құндылығы – мұсылманды кемел адам қылып қалыптастыруында. Өтірік айтпайтын, біреудің ала жібін аттамайтын, күнә жасамайтын, барлық адаммен көркем қарым-қатынас жасайтын пенде – кемел тұлға. Ата-бабамыздың үйреткен сара жолы осы.