Сұрақ: Ислам діні Наурызға қарсы ма?
Жауап: Ислам ұлттар мен ұлыстарды құптағаны сияқты мұсылман қоғамындағы түрлі ұлттық мерекелерді де теріске шығармайды. Бүгінде Наурыз мейрамы діни емес, ұлттық мерекелердің қатарына жатады (бұған қатысты ҚМДБ арнайы пәтуасы да бар).
Көп адамдар дін мен дәстүрді шатастырады. Дінде шариғат көрсеткен арнайы құлшылық рәсімдері мен оларды орындау жолдары бар. Ал наурыз мерекесінде ешқандай діни мазмұн қалмаған (табыну мақсаты, құлшылық немесе құрбандық арнау сияқты т.б.).
Наурыз – халықтың қатаң қыстан аман-сау шығып, күн шуағына бөлену, жаңа маусым жылын қарсы алу мерекесі. Бұл күндері көріскен жандар ортақ қуанышқа бөленіп, бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ