Ислам – дәстүрлі әрі өміршең дін. Сондықтан ол күнделікті өмірде кездесіп жататын әртүрлі мәселелерге Құран мен хадис секілді дін қайнарларын негіз ете отырып, олардың хикметтерін тереңірек түсіне отырып жауап беруі тиіс. Сонда Ислам діні заман ағымынан қалмайды. Уақытпен бірге алға жылжиды.