Сұрақ: Ислам баланы еркелетуге қалай қарайды?
Жауап: Кейбір адамдар шариғат дегеніміз қаталдық, сол үшін шариғат бойынша үлкендер кішілерге қаталдық танытулары керек деп ойлайды. Асылында бұл түбігейлі қате пікір. Ислам керісінше жұмсақтық, мейірім, кешірім деген сияқты ізгілікке бастайтын барлық қасиеттерді мақұл көреді әрі солай болуға шақырады.
Мұсылман барлық уақытта және барлық жерде көркем мінезді болуы ләзім: қоғамда, отбасында, қызметте, сапарда және т.б. Отбасы демекші, тіпті, исламға сәйкес дүние қаншалықты көркем, сұлу болса, бала-шаға соның әдемілігін арта түсетін әшекейі.
Айша анамыз: «Бір күні Алланың елшісіне (с.ғ.с.) бір бәдәуи келіп: «Сендер балдарыңды сүйесіңдер ме? Оның себебі неде?» – деп таң қалып сұрайды. Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Алла сенің жүрегіңнен мейірімді алып қойғанын қалайсың ба?» – деп жауап берді» деген риуаятты келтіреді (Бұхари).
Демек, мұсылман адамның отбасына, бала-шағасына махаббатпен мәміле жасауы – оның жүрегіндегі мейірімнің дәлелі. Бұл Алланың оған тарту қылған махаббаты екен.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ